Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан биіктікке секіруден екі жүлде жеңіп алды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.
Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті.
Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды - 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или