Қазақстандық спортшы Азия ойындарында үздік үштікке енді

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында үздік үштікке енді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жүлдені 3000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсеткен Аида Ақылбекова жеңіп алды.

Спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.

Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды - 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді - 10:21.85.

Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или