Қазақстандық спортшы Азия ойындарында үздік үштікке енді
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жүлдені 3000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсеткен Аида Ақылбекова жеңіп алды.
Спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.
Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды - 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді - 10:21.85.
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или