Австралия жүзушілері мен венгер спортшысы жаңа әлем рекордын орнатты

Австралия жүзушілері мен венгер спортшысы жаңа әлем рекордын орнатты


Бес дүркін олимпиада чемпионы, австралиялық жүзгіш Кейли Маккьюэн қысқа қашықтықтағы әлем кубогының кезеңінде әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс Канададағы Торонто қаласында өтіп жатыр. Маккьюэн 200 метрге арқамен жүзуде америкалық Риган Смиттің көрсеткішін жаңартып, қашықтықты 1 минут 57,33 секундта жүзіп өтті.

Сондай-ақ тағы бір австралиялық спортшы Лани Паллистер 800 метрге еркін жүзуде әлем рекордын жаңартты. Ол 7 минут 54 секундта мәреге жетіп, америкалық тоғыз дүркін олимпиада чемпионы Кэти Ледецкидің (7.57,42) нәтижесінен асып түсті.

Ал венгриялық Хуберт Кош 100 метрге арқамен жүзуде америкалық Коулмен Стюарттың (48,33) рекордын бұзып, қашықтықты 48,16 секундта еңсерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или