Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Айтмұхан америкалық Гаравус Куэкобакилахомен белдесті.
Қазақ балуаны қарсыласын сенімді түрде жеңіп, енді әлем чемпионатының жартылай финалында боз кілемге шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или