Муай-тай: Альбина Жуминова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Муай-тай: Альбина Жуминова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды


Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Альбина Жуминова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

Спортшы 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде сенімді түрде жеңіске жетті.

Шешуші жекпе-жекте Жуминова Камбоджа өкілі Срейпен Омды 30:27 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или