Н ұрәлі Махмұт таеквондодан жасөспірімдер Азиадасының финалына шықты
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрәлі Махмұт Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Нұрәлі Қытай спортшысы Хаожань Люмен күш сынасты.
Махмұт бұл жекпе-жекте 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 26 қазанда финалдық кезеңде екі қазақстандық спортшы татамиге шығады. Бұған дейін Евгений Васенкин де өз жартылай финалын жеңіспен аяқтаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или