Таеквондошы Евгений Васенкин жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін ол филиппиндік Мэтт Лавестримен күш сынасты.
Евгений бұл кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтетін жартылай финалда ол Иордания спортшысы Ахмад Альрабабахпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или