Байсуфинов қарашадағы матчтарға 38 ойыншыны шақырды

Байсуфинов қарашадағы матчтарға 38 ойыншыны шақырды


Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгияға қарсы матч және Фарер аралдарымен болатын жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 қараша күні Астанада басталатын оқу-жаттығу жиынына барлығы 38 футболшы шақырылды.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Багдат Қайров, Талғат Құсяпов (бәрі – «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жағұров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Аширбек («Оқжетпес»).

Жартылай қорғаушылар: Бахтиер Зайнутдинов («Динамо Москва», Ресей), Ерсұлтан Қалдыбеков («Қайсар»), Серікжан Мужиков, Даурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Жан-Әлі Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев (екеуі де – «Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Каримов («Астана»).

Еске салайық, 15 қараша күні Қазақстан құрамасы Астанада Бельгиямен әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матч өткізеді. Ал 18 қарашада команда Хорватияда Фарер аралдарымен жолдастық кездесу ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или