Димитрий Карпов: «Қайрат» пен «Астана» тең түседі, ал матч нағыз шайқасқа айналады»
26 қазанда Алматыда ел біріншілігінің 26-турындағы басты ойын – «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу өтеді. Екі команда да чемпиондық атақ үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белгілі қазақстандық футбол маманы Димитрий Карпов алдағы Ел Класикоға болжам жасады.
– Бұл ойында екі команда да сақ ойнайды, өйткені қателіктің бағасы жоғары. Үйдегі жанкүйерлер мен аншлаг «Қайраттың» пайдасына жұмыс істейді. Бірақ бәрі екінші таймда шешіледі деп ойлаймын: алдымен «Астана» есеп ашады, кейін «Қайрат» таразы басын теңестіреді. Көп күрес, көп ескерту болады. Жексенбі күні нағыз тартысты ойын күтіп тұр, – деді маман.
Айта кетейік, турнир кестесінде «Астана» 56 ұпаймен екінші орында, ал көшбасшы «Қайраттың» еншісінде – 58 ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или