Бокстан жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандықтар кезекті жарыс күнінде қалай өнер көрсетті
Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс жарыстары жалғасуда.
25 қазанда үш қазақстандық боксшы ел намысын қорғады.
50 келіге дейінгі салмақта Жұмағали Нұрмахан Қытай өкілі Цзян Цяньчэнді айқын басымдықпен жеңді.
54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмахан филиппиндік Эсторба Джон Майклдан басым түсті.
Ал Эмир Мұхит 60 келіге дейінгі салмақта Замани Сухрабты (Ауғанстан) тізе бүктірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или