Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер Азиадасында тағы екі медальға қол жеткізді

Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер Азиадасында тағы екі медальға қол жеткізді


Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді.

Екатерина Михайленко ұзындыққа секіруден 5.74 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 01:01.36 уақыт көрсеткішпен мәреге екінші болып жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Вероника Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші нәтиже көрсеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или