Белал Мұхаммад: «UFC 321 турниріндегі ең қызықты айқас — Нурмагомедов пен Баутиста»

Белал Мұхаммад: «UFC 321 турниріндегі ең қызықты айқас — Нурмагомедов пен Баутиста»

UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық Белал Мұхаммад жеңіл салмақта (61 кг дейін) өтетін Умар Нурмагомедов пен Марио Баутиста арасындағы жекпе-жекке қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Мен үшін бұл турнирдің ең қызықты айқасы. Баутиста Патрик Микс пен Жозе Альдоны жеңіп, енді тағы бір маңызды нәтиже көрсетуі керек. Егер Нурмагомедов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, титул үшін айқасқа шығу мүмкіндігін күтуіне екі-үш жекпе-жек қажет болмайды.

Менің болжамым — Умар жеңеді. Дегенмен, бұл ерте аяқталмайтын айқас болады деп ойлаймын, себебі Баутиста өте мықты жігіт, – деді Мұхаммад өз YouTube-арнасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или