Нұсқа 2: СКА бапкері Голдобиннің алаңға неге шықпағанын айтты

Нұсқа 2: СКА бапкері Голдобиннің алаңға неге шықпағанын айтты


СКА хоккей клубының бас бапкері Игорь Ларионов шабуылшы Николай Голдобиннің не себепті команда өтініміне енбегенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Голдобин ауырып қалды, сондықтан ойнаған жоқ. Бұл – нақты факт. Сондай-ақ бізде Бреннан Менелл де жарақатына байланысты үш аптаға қатардан шықты. Маусым енді қарқын алып келеді, жарақат пен сырқатсыз болмайды. Көп жігіттердің балалары мектепке барады, түрлі тұмау үйге келеді. Олар да қарапайым адамдар, робот емес. Менеллге аппендицитке байланысты ота жасалды, дәрігерлерден жаңа ақпарат алдым – ол үш апта бойы бізбен болмайды, – деді Ларионов.

Еске салайық, 16 тамызда «Спартак» клубы өткен маусымдағы үздік сұрмерген Николай Голдобинді бас тарту драфтына қойған. Сол кезде астаналық «Барыс» шабуылшыны өз қатарына қосуды көздегенімен, трансфер жүзеге аспай қалды. Кейін Голдобин СКА құрамына ауысты, бірақ жаңа командада оның бапкер Ларионовпен арасында келіспеушілік туған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или