Неймар карьерасын МЛС-те жалғастыруы мүмкін
«Сантос» клубының бразилиялық шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатында Карло Анчелотти жаттықтыратын Бразилия құрамасына шақырту алу мүмкіндігін арттыратын жарқын трансферге үміттенген еді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Diario Sport мәліметінше, еуропалық клубтар 33 жастағы ойыншыға қызығушылық танытпаған. Осыған байланысты Неймар мансабын жалғастырудың екі нұсқасын қарастыруда – «Сантоспен» келісімшартты ұзарту немесе МЛС-ке ауысып, «Интер Майами» сапында бұрынғы «Барселонадағы» әріптестері Лионель Месси мен Луис Суареспен қайта бірігу.
Еске сала кетейік, Неймар соңғы рет 14 қыркүйекте алаңға шыққаннан кейін жарақат алып, әлі де қалпына келу үстінде. Ол «Сантосқа» оралғаннан бері 21 матч өткізіп, 6 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.
«Қайрат» – «Астана» матчына болжам жасалды
Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған командалар белгілі болды