Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі аяқталды.

Турнир аясында ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Михаил Шайдоров ел намысын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламада үшінші орын иеленген болатын. Еркін бағдарламада да қазақстандық спортшы үшінші нәтиже көрсетті.

Қорытынды есеп бойынша Шайдоров Қытайдағы жарыста 262.67 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды жапон спортшысы Шун Сато (278.12) иеленсе, күміс жүлде италиялық Даниэль Грасльға (269.43) бұйырды.

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына ресми түрде үміткер атанды

Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или