«Барселона» «эль класико» қарсаңында команда құрамына Эд Ширанды қосты
«Барселона» клубының баспасөз қызметі ресми сайтта танымал ұлыбританиялық поп-орындаушы Эд Ширанды негізгі команда құрамына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялық клуб танымал Spotify сервисімен серіктестік аясында түрлі акциялар өткізіп тұрады. Бұған дейін клуб жейделерінде әлемдік музыканың әйгілі жұлдыздарының логотиптері бейнеленген болатын.
Ширанды «Барселона» жартылай қорғаушыларының қатарына енгізді.

Атап өту керек, ұлыбританиялық әншімен бұл коллаборация 26 қазанда Мадридте өтетін «Реалмен» «эль класико» матчы қарсаңында ұйымдастырылған. Сондай-ақ Footy Headlines дерегінше, ойыншылардың жейделерінде Ширан өз альбомдарының атауларында қолданған символдар бейнеленеді.
Бұған дейін «Барселона» Дрейк, Розалия, The Rolling Stones, KAROL G, Coldplay және Трэвис Скотт сынды орындаушылармен де бірлескен жобалар жасаған болатын.
«Қайрат» – «Астана» матчына болжам жасалды
Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған командалар белгілі болды