Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Азиадасында күміс медальға ие болды

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Азиадасында күміс медальға ие болды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасқа шықты.

Ақтық сында отандасымыз Амирмахди Вазифехпен (Иран) кездесті. 

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Амирмахди қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасын күміс медальмен аяқтады.

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль иеленді

Блогер Дана Уайтқа қазақ шапанын сыйлады. Видео

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Грузияда UFC турнирі өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или