Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Азиадасының жеңімпазы атанды
Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Амелина Бакиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтаған болатын.
Блогер Дана Уайтқа қазақ шапанын сыйлады. Видео
Ауыр салмақтағы UFC чемпионы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты