Қазақстандық теннисші Токио турнирінің чемпиондық атағы үшін таласады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич жартылай финалда жапониялық Сюко Аояма – испаниялық Кристина Букшамен жолықты.
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:2.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Данилина – Крунич брейк жасай білді. Содан кейінгі геймде жапониялық-испаниялық дуэттің брейкпен қарымта қайыруына жол берген жоқ. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.
Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Аояма – Букша 1 брейкті (5 брейк-пойнт) қанағат тұтты.
Осылайша, Токиода чемпиондық атақ үшін таласатын Анна Данилина – Александра Круничтің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина Токио турнирінің жартылай финалына шықты.
Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына қатыспады