Әлімханұлы — Лара жекпе-жегі жайлы тың ақпарат шықты

Әлімханұлы — Лара жекпе-жегі жайлы тың ақпарат шықты

Орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы салмақтағы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен кездесу өткізуге келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал америкалық инсайдер әрі комментатор Дэн Рафаэль «екі тараптың да дереккөзі таратқан мәліметі бойынша, Жәнібектің мүддесін қорғайын Top Rank Лараға қарсы үш титулды біріктіретін жекпе-жектің келісімшартына қол қойды. Кездесу 6 желтоқсандағы PBC Prime Video іс-шарасының негізгі жекпе-жегі болады», - деп жазды Х парақшасында.

Айта кетейік, Әлімханұлы — Лара кездесуі Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінің негізгі жекпе-жегі болады. Кештің басты жекпе-жегінде Айзек Крус — Ламонт Роуч (кіші) кездесуі өтеді. Бокс турнирі Қазақстан уақыты бойынша 7 желтоқсан таңертең өтеді. 

Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді

Бокстан Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары белгілі болды

World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или