Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 22 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) кездеседі. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов бұған дейін сәуір айында рингке шығып, мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) тең түскен.
Бокстан Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары белгілі болды
World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или