Ел президенті «алтын» алған қазақ балуанын құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр.
Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!», - деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында (55 келі) түрік балуанын жеңді.
Астанада әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетілді
Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады