Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына қатыспады

Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына қатыспады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 25 қазанда Рыбакина әлемнің 17-ракеткасы чехиялық Линда Носковамен кездесуі керек еді. Бірақ кездесу басталмас бұрын Рыбакинаның одан бас тартқаны жарияланды. Әзірге ресми себеп жарияланған жоқ.

Демек Носкова финалға жолдама алды, ол Белинда Бенчич (Швейцария) пен София Кенин (АҚШ) жұбының жеңімпазымен титулға таласады.

Айта кетейік, Токио турнирінде Елена Рыбакина канадалық теннисшілер Лейла Фернандес (22-орын, 6-4, 6-3) пен Виктория Мбоконы (23-орын, 6-3, 7-6) жеңген болатын. Мбоконы жеңген соң отандасымыз WTA финалдық турниріне қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстандық теннисші WTA финалдық турниріне жолдама алды

Анна Данилина Жапониядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или