Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ал, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық таеквондошы Буняд Бахрамкулов жартылай финалда иорданиялық Абдалла Шахиннен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Алғашқы алтынды велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын. 

Бұған дейін Дарын Мұстафин аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде алғанын жазғанбыз. 

Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды

Таеквондодан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар алғашқы күнді қалай өткізді?

Әлем чемпионаты: Милад Карими спорттық гимнастикадан алтыншы орынға тұрақтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или