Астаналық «Барыс» ҚХЛ матчында жеңіске жетіп, басты қарсыласынан озды

Астаналық «Барыс» ҚХЛ матчында жеңіске жетіп, басты қарсыласынан озды

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кезекті матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің алғашқы ойынында Астанада «Барыс» өз айдынында Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдады.

«Барсы» бірінші кезеңде қарсыластың қақпасын алғаш болып дәл көздеді – америкалық Джейк Масси көзге түсті. Оған Дінмұхамед Қайыржан мен Тайс Томпсон көмектесті. Бұл шайба Масси үшін ҚХЛ маусымындағы үшінші гол болды.

Екінші кезеңде астаналықтардың жас ойыншысы Алихан Өмірбеков қақпаға нық соққы бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші шайбаны елордалықтардың америкалық шабуылшылары ұйымдастырды – Майк Веккионе пас беріп, Тайс Томпсон нәтижелі соққы жасады – 3:0.

Соңғы минутта Петьков есеп айырмасын қысқартты – 3:1.

Осылайша, «Барыс» (19 ұпай) турнир кестесінде «Амурдан» (17 ұпай) озып, Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қатысатын матчтардың кестесі шықты

Қазақстандық хоккейшілер ҚХЛ элитасына қосылды

Қазақстандық хоккейші шетелдік лигада шайба соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или