Жасөспірімдер арасындағы Азиала: қазақстандық жеңілатлеттер финалға шықты
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бес өкілі Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Маргарита Косинова мен Афина Чолакиди 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар 800 метрлік қашықтықта да финалға шықты. Дмитрий Спаский өз жарысын жеңіспен аяқтап, енді 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасының медалі үшін бақ сынайды. Ал қыздар арасында финалға Жалила Қанат пен Диана Салмина іріктеуден өтті.
Жеңіл атлет Глеб Клепинин жасөспірімдер Азиадасында қола жүлдеге ие болды
Пара жеңіл атлетикадан қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или