Грузияда UFC турнирі өтуі ықтимал

Грузияда UFC турнирі өтуі ықтимал

UFC басшысы Дана Уайт ұйымның Грузияда турнир өткізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уайттың айтуынша, промоушен ел үкіметінің өкілдерімен алдын ала келіссөз жүргізіп қойған.

TNT Fight Sports арнасына берген сұхбатында Дана Уайттың сөзінше, Грузиядағы алғашқы UFC турниріндегі басты жекпе-жекке ұйымның қазіргі жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили қатысуы мүмкін.

34 жастағы Двалишвили соңғы жекпе-жегін 5 қазанда UFC 320 турнирінде Кори Сэндхагенге қарсы өткізді. Бұл кездесуде Мераб төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған. Оның еншісінде 21 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Octagon ММА лигасының негізін қалаушы Нұраддин Садықов UFC ұйымы Қазақстан аумағында турнир өткізуді де қарастырып жатқанын айтқан болатын.

Қазақ жауынгері Азат Мақсұм салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады

Шавкат Рахмонов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Қуат «Найман» Хамитов ACA-дағы дебютін жеңіспен бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или