Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды
ММА (modern) түрі бойынша сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Мұстафин Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.
Ол бұл кезеңде Ибрагим Халидовпен (Бахрейін) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталып, отандасымыз қола жүлдені қанағат тұтты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жасөспірімдер Азиадасының финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или