Қазақстандық футболшы АПЛ клубтарының назарына ілікті

Қазақстандық футболшы АПЛ клубтарының назарына ілікті

«Хартс» клубының бұрынғы қорғаушысы және Литва құрамасының экс-ойыншысы Саулюс Миколюнас қазақстандық Ислам Чесноковтың болашағына жоғары баға беріп, оны Англия Премьер-лигасына өтуге әлеуеті бар футболшы деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер сен Ұлыбританияға келсең, барлық скауттардың назарына ілігесің және АПЛ-ға бір қадам жақындайсың. Егер Ислам өзін “Хартста” жақсы қырынан көрсетсе, әлемнің үздік лигасына жол ашылады. Қалған қазақстандық ойыншылар да өз мүмкіндігін төмен бағаламауы керек. Сіздердің құрамаларыңыздың Шотландияны 3:0 есебімен жеңгенін еске алыңыз — бұл елде үлкен таланттар өсіп келеді», — деді Миколюнас.

Айта кетейік, «Хартс» 25 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысымен еркін агент ретінде келісімге келді. Бұл — Исламның Еуропадағы екінші тәжірибесі. Бұған дейін ол Беларусьтің «Белшина» клубында ойнаған.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Қазақстан құрамасы Михал Билектің жетекшілігімен Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Шотландияны 3:0 есебімен жеңген болатын. Сол ойында Юрий Перцух, Ян Вороговский және Бахтиер Зайнутдинов гол соқты.

«Бастысы — нәтиже емес, ләззат!» «Қайрат» капитанының таңғаларлық мәлімдемесі

Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

Александр Мартынович Чемпиондар лигасы турының үздіктері қатарына кірді

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін сақтап қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или