Салмақ өлшеу рәсімінен өте алмағана Азат Мақсұм ақшасын толық алмайды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның (15-2, UFC: 1-2) алдағы жекпе-жек алдында өткен ресми салмақ өлшеу рәсімінде салмағы шектеулі межеден асып түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мақсұм таразыда 58,51 келі (129 фунт) көрсетіп, ең жеңіл салмақ дәрежесінің рұқсат етілген лимитінен 3 фунтқа (шамамен 1,36 келі) артық шықты. Ал оның қарсыласы, америкалық Митч Рапосо (9-3, UFC: 0-2) таразыда 56,93 келі (125,5 фунт) көрсетті.
Енді ережеге сай, Азат Мақсұм жекпе-жек аяқталған соң өз гонорарының 30 пайызын қарсыласына беруге міндетті.
Бұл жайт қазақстандық спортшы үшін көңілге қаяу түсіргенімен, жанкүйерлер Мақсұмның октагонда өз мықтылығын дәлелдеп, айқаста жеңіске жететініне сенеді.
Айта кетейік, жекпе-жек 25 қазан күні Абу-Дабиде өтеді.
Қуат «Найман» Хамитов ACA-дағы дебютін жеңіспен бастады
Қазақстандық файтер шетелдік лигамен келісімшартқа отырды
Хамзат Чимаевқа лайықты қарсыластың есімі аталды
Қуат Хамитов ACA дебюті алдында салмақ нормасын орындай алмады