Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК сілтеме жасап.

Ат снарядындағы жаттығуларда Курбанов финалға жолдама алған еді. Алайда бұл жолы жүлделі орынға іліге алмады.

Нариман 13.533 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Ал оның командаласы Зейнолла Ыдырысов (13.666 ұпай) бір саты жоғары орналасқан.

Жарыс жеңімпазы Қытай өкілі Хон Яньмин болды – 14.600 ұпай.

Күміс жүлдені Армения спортшысы Мамикон Хачатрян иеленді – 14.600 ұпай.

Қола медаль Патрик Хупсқа (АҚШ) бұйырды – 14.566 ұпай.

Әлем чемпионаты: Милад Карими спорттық гимнастикадан алтыншы орынға тұрақтады

Қазақстандық гимнастар Жапония құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында дебют жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или