Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан спортшылары алғашқы күнді жүлдесіз аяқтады
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан (WT) әлем чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасынан 57 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарыс жолына алғаш болып шыққан Мария Севостьянова бірінші кездесуінде габондық Коумба Маддассаны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, кейін Лука Патакфалвиді (Венгрия) 2:1 ұпаймен жеңді. Одан кейін ол Париж Олимпиадасының чемпионы Ким Ю Чинге (Оңтүстік Корея) жол берді.
Ерлер арасында 87 келіден жоғары салмақта екінші айналымынан бастаған қазақстандық Бейбарыс Қаблан Паско Божиктен (Хорватия), 1/16 айналымда мексикалық 2022 жылғы әлем чемпионы және екі дүркін жүлдегері Карлос Сансоресті айқын басымдықпен (2:0) ұтқанымен, ширек финалда АҚШ спортшысы Джонатан Хилиге 0:2 ұпаймен есе жіберді.
Айта кетейік, әлемдік дода 30-шы қазанға дейін жалғасады.
Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді
2025 жылғы Азия ойындары: ұлттық құраманың тізімі жарияланды