Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар алтын медаль жеңіп алды
Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы аралас командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті. Бірінші кезеңде үшінші орында келе жатқан қазақстандықтар соңғы айналымда қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлде – Иранға, ал қола – Тайбэйге бұйырды.
Команда құрамында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай өнер көрсетті.
«Астана» спортшысы Италиядағы велобейгеде үшінші орын алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или