Глеб Клепинин: жоғары орындарға да таласуға мүмкіндігім болды
Қазақстандық жеңіл атлет Глеб Клепинин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үш қарғып секіруден қола жүлдеге ие болды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы жарыс алдындағы жоспары жайлы айтты.
"Алғашқы екі мүмкіндігімде қатты қобалжыдым. Кейін өзімді қолға алып, нәтижелі секіру жасап, финалға жолдама алдым. Кейін де бірнеше кішігірім қателіктер болды. Бірақ соған қарамастан шамамен 15 метрге секірдім.
Жоғары орындарға таласуға мүмкіндік болды, бірақ сәттілік жетіспеді. Жалпы нәтижеме көңілім толады. Алайда өзімді толық көрсете алғанымда, бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болар еді. Соған қарамастан, қола медальға ие болғаныма қуаныштымын.
Жарыс алданда жоспарым мүлде басқа болатын. Мақсатым - ең кемі финалға шығу еді. Бірақ жарыстағы бәсеке мен күткендей болған жоқ. Дегенмен жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігім болды.
Қазір жақын арада жарыстар жоспарланбаған, тек қысқы ел біріншілігіне қатысамыз. Жазғы маусым аяқталды. Жазда бір ай демалып, қалыпқа келіп, содан кейін нақты Азия ойындарына дайындалдық. Енді жаттығуды жалғастырып, келесі маусымға дайындаламын," - деді Глеб Клепинин