Хоккей. Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қатысатын матчтардың кестесі шықты
12-18 сәуір аралығында Испанияның Пуйгсерда қаласында Бірінші дивизионның В тобындағы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы А тобына өту үшін Нидерланды, Латвия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Испания құрамаларымен бақ сынасады.
Қазақстан әйелдер құрамасының матч кестесі:
12 сәуір, сағат 19:30 — Қазақстан - Латвия
13 сәуір, сағат 19:30 — Нидерланды - Қазақстан
15 сәуір, сағат 23:00 — Испания - Қазақстан
17 сәуір, сағат 19:30 — Қазақстан - Оңтүстік Корея
18 сәуір, сағат 19:30 — Ұлыбритания - Қазақстан
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Бірінші дивизионның В тобындағы әлем чемпионатында бес ойында алты ұпай жинап, төртінші орын алды.
«Барыс» — «Амур». Тікелей трансляция