Рубен Аморим командаға екі жаңа жартылай қорғаушы сатып алғысы келеді
«Манчестер Юнайтед» 2026 жылы екі жаңа жартылай қорғаушыны қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ТalkSPORT мәліметінше, оманданың бас бапкері Рубен Аморим манчестерлік команданың орталық жартылай қорғаушының жылдамырақ әрі атлетикалық тұрғыдан жақсырақ болғанын қалайды. Осы мақсатта «қызыл сойқандар» алдағы жылы сатып алуы мүмкін алты ойыншының тізімін жасады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, тізімге Карлос Балеба («Брайтон»), Эллиот Андерсон («Ноттингем Форест»), Адам Уортон («Кристал Пэлас»), Ангело Штиллер («Штутгарт»), Конор Галлахер («Атлетико» Мадрид) және Андрей Сантос («Челси») енген.
Сондай-ақ жартылай қорғаушылар Бруну Фернандеш пен Кобби Майнуды жазда сату нұсқасы да жоққа шығарылмайтыны атап өтілген.
«Қайрат» – «Астана»: чемпиондық матчтың билеттері толығымен сатылып кетті
Модрич «Милан» ойыншыларына iPhone сыйлаған
«Бастысы — нәтиже емес, ләззат!» «Қайрат» капитанының таңғаларлық мәлімдемесі