«Қайрат» пен «Астана» арасындағы чемпиондық матчтың билеттері толығымен сатылып кетті

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы чемпиондық матчтың билеттері толығымен сатылып кетті

Қазақстан Премьер-лигасының соңғы туры аясында өтетін «Қайрат» пен «Астана» командаларының арасындағы матчтың билеттері толығымен сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-лига маусымының соңғы матчтарының барлығы 26 қазанда сағат 15:00-де басталады. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші ойын Алматының Орталық стадионында өтеді.

«Матч басталардан 2-3 сағат бұрын келіңіздер. Кезекке тұрып қалмай, кіру бақылауынан еркін өтіңіздер. Үш жақтан кіруге мүмкіндік бар: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынұлы көшесі жағынан», - делінген алматылық клубтың ресми хабарламасында.

Сондай-ақ «Қайрат» өкілдері ойын күні жанкүйерлерге арналған бағдарлама өтіп, интерактивті аймақтар, тегін аквагрим, дәмді тағамдар мен сусындар болатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұл тартысты матчта Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы анықталмақ. Соңғы тур алдында алматылық клубтың еншісінде 58 ұпай болса, елордалықтар 56 ұпай жинаған. Чемпиондық титулды қорғау үшін «Қайрат» командасына ұтылмай, тең есеп ұстаса да жеткілікті. Ал «Астана» бұл кездесуге жеңіске жетсе ғана чемпион атанады.

«Бастысы — нәтиже емес, ләззат!» «Қайрат» капитанының таңғаларлық мәлімдемесі

Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

Александр Мартынович Чемпиондар лигасы турының үздіктері қатарына кірді

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін сақтап қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или