Омар Сатаев грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Омар Сатаев грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанса, Мерей Мәулетханов қола медальға ие болған еді.

Қазақстандық жауынгерлер жасөспірімдер Азиадасын жеңіспен бастады

Мерей Мәулетқанов әлем чемпионатының қола жүлдегері

Юсуф Мациев әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или