Team Tidebound Dota 2-ден жаңа құрамын таныстырды

Team Tidebound Dota 2-ден жаңа құрамын таныстырды

Team Tidebound киберспорт ұйымы Dota 2-ден жаңартылған құрамын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командаға Шу Echo Цзылян мен Ли niu Конгбо қосылды. Олар бұрынғы ойыншылар Чэн NothingToSay Цзинь Сян мен Чжан Faith_bian Жуйдудың орнын басты. Сонымен қатар, ұйымның бапкері де ауысты: Чжоу bLink Янның орнына құрамды Яо Yao Чжэнчжэн жаттықтырады.

Жаңарған құрамның дебюті қараша айында өтетін PGL Wallachia Season 6 турнирінде болады.

Бұған дейін Team Tidebound The International 2025 чемпионатына қатысып, топтық кезеңді екінші орында аяқтаған, бірақ қатарынан екі рет жеңіліп, турнирден 7–8-орынмен ұшып кеткен еді.

IEM Chengdu 2025 турниріне қатысатын командалар белгілі болды

ESL Pro League 22 плей-офф кезеңінің қатысушылары анықталды

2025 жылдың ең қымбат ойыны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или