Лука Модрич «Милан» ойыншыларына iPhone сыйлаған

«Милан» футболшысы Лука Модрич команда ойыншыларына iPhone сыйлаған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Миландық команда шабуылшысы Сантьяго Хименес әлеуметтік желілерде хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричтің италиялық грандқа ауысқаннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде ән айтпау үшін не істегенін айтып берді (футболда жаңа ойыншының команда алдында ән айтуы дәстүр болып саналады):
«Біз киім ауыстыратын бөлмеге кірдік, әр ойыншы өз орнында жаңа iPhone тапты. Модрич бізге сыйлық жасады. Ол әрқайсымызға телефон сатып алды. Ән айту орнына, бәрімізге телефон сыйлады», — деді Хименес.
Хорватиялық жартылай қорғаушы жазда «Милан» ойыншысы атанған болатын. Оның «россонерилермен» келісімшарты 2026 жылдың жазығына дейін есептелген. Transfermarkt порталы Модричті 20 миллион еуроға бағалап отыр.
Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады
Александр Мартынович Чемпиондар лигасы турының үздіктері қатарына кірді
Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін сақтап қалды