Жасөспірімдер Азиадасы: жеңіл атлет Глеб Клепинин қола жүлдеге ие болды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Глеб Клепинин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы үш қарғып секіруден үшінші орын иеленді.
Ең үздік мүмкіндігінде Клепинин 14,38 метр нәтижесін көрсетті. Қалған бес мүмкіндігі есепке алынбады.
Жеңімпаз атанған қытайлық Аоди Ли 15,15 метрге секірді. Екінші орынды өзбекстандық Шахзодбек Холмуродов иеленді.
Қазақстандық ауыр атлеттер Норвегиядағы әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды
Пара жеңіл атлетикадан қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или