Чемпиондар лигасында басты үміткер — «Арсенал»

Чемпиондар лигасында басты үміткер — «Арсенал»


Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасының жаңа фавориттер рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір турнирдің басты үміткері ретінде «Арсенал» аталып отыр — ағылшын клубының жеңіске жету мүмкіндігі 21,13 пайызға бағаланған.

Өткен маусымның чемпионы ПСЖ 14,03 пайыздық көрсеткішпен екінші орында, ал үздік үштікті 12,31 пайыздық мүмкіндігі бар «Ливерпуль» түйіндеді.

Бестіктің қатарында «Манчестер Сити» (12,12%) мен «Бавария» (9,33%) бар. «Барселона» алтыншы, ал мадридтік «Реал» жетінші орында (5,48%).

Сонымен қатар, Чемпиондар лигасындағы үздік сұрмергендер бәсекесінде де «Реал» мен «Бавария» ойыншылары көш бастап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или