Байсуфинов қарашадағы матчтарда да Қазақстан құрамасын жаттықтырады

Қазақстан футбол федерациясы қараша айындағы кездесулерге ұлттық құраманың бас бапкерін анықтады — команданы Талғат Байсуфинов жаттықтыруды жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешім қазан айындағы сәтті ойындардан кейін қабылданды. Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, команда алты мүмкін ұпайдың төртеуін еншіледі.
Енді Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы кем дегенде тағы екі ойында басқармақ — Бельгияға қарсы әлем чемпионаты-2026 іріктеу ойынында және Фарер аралдарымен өтетін жолдастық кездесуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или