Рыбакина маусымдағы 50-жеңісін еншілеп, WTA финалына бір қадам жақындады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 23 қазан күні Токиода (Жапония) өтіп жатқан беделді WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік рейтингтің жетінші ракеткасы саналатын Рыбакина 1/8 финалда канадалық Лейла Фернандесті (WTA – 22) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
OptaLena дерегінше, бұл жеңіс Еленаның WTA турнирлеріндегі маусымдағы 50-ші жеңісі болды. Биылғы маусымда 50 және одан да көп жеңіске жеткен төрт ойыншы ғана бар — Ига Швёнтек (61), Арина Соболенко (59), Джессика Пегула (50) және Елена Рыбакина (50).
Келесі кездесуде Рыбакина тағы бір канадалық спортшы — Виктория Мбокомен күш сынасады. Бұл матчтағы жеңіс қазақстандық теннисшіге маусым қорытындысы бойынша өтетін WTA финалына жолдама әкелмек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или