Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 250 турнирін мерзімінен бұрын аяқтады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 250 турнирін мерзімінен бұрын аяқтады


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 250 санатындағы Гуанчжоу турнирінің екінші айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда ол германиялық Элла Зайдельге 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды.

Келесі кезеңде Зайдель Венгрия өкілі Анна Бондарь мен америкалық Клэр Лью арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Турнирдің жүлде қоры – 270 мың доллар. Гуанчжоудағы жарыс 26 қазан күні мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или