Ангелина Лукас қараша мен желтоқсанда екі жекпе-жек өткізеді

Ангелина Лукас қараша мен желтоқсанда екі жекпе-жек өткізеді


Кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас қараша мен желтоқсанда өтетін алдағы жекпе-жектерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келесі жекпе-жегім ресми түрде бекітілді — 3 желтоқсанда Дубайдағы Agenda Arena аренасында өтеді. Дубайда тұратын барша жанкүйерлерді қолдауға шақырамын! Бірақ оған дейін, 14 қараша күні Каирде АҚШ спортшысына қарсы WBA Gold World Champion белбеуі үшін жұдырықтасамын. Кесте тығыз, бірақ мен дайындықты тоқтатпай, мақсатқа сенемін. Келер жылы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін шығамын. Мақсатым — көгілдір туымызды әлем ареналарында желбірету», — деді Лукас.

Еске салайық, Ангелина Лукас соңғы рет 1 маусымда Таразда рингке шыққан болатын. Оның қарсыласы — Чили елінің өкілі Даниэла Асенхо. Сол жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, Асенхо жетінші раундқа шықпады.

Осылайша Лукас мансабындағы 15-жеңісіне жетіп, IBO тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или