1: 17 жастағы Леннарт Карл — «Баварияның» Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққан ойыншысы

1: 17 жастағы Леннарт Карл — «Баварияның» Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққан ойыншысы


«Бавария» жартылай қорғаушысы Леннарт Карл Чемпиондар лигасында клуб тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс футболшысы жалпы кезеңнің үшінші турындағы «Брюгге» командасына қарсы ойында (4:0) бесінші минутта көзге түсіп, рекорд жаңартты. Ол кезде Карл небәрі 17 жаста еді — нақтырақ айтқанда, 17 жас пен 242 күн.

Бұған дейінгі рекорд Джамал Мусиалаға тиесілі болған. Ол 2021 жылдың ақпанында «Лацио» қақпасына гол соққанда, Карлдан 121 күн үлкен еді.

2025/26 маусымында Леннарт Карл барлық жарыстарда 9 ойын өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или