Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан аралас жекпе-жектен тағы екі жеңіске қол жеткізді

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында аралас жекпе-жек бойынша жарыстар жалғасуда.
Қазақстан құрамасының екі өкілі қарсыластарынан басым түсті.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Иманғали БАӘ спортшысы Абдулла Альдармакиді жеңді.
60 келіге дейінгі салмақта Альтаир Мейірханов Ахмад Абдулрахиммен (БАӘ) өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Амелина Бакиева мен Нұртілеу Өтеген де жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или