Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік ондыққа енді

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік ондыққа енді

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ақберен Көзтаева үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Спортшы 5000 метрге спорттық жүрістен өткен жарысқа қатысып, 28:51.43 нәтижесімен жетінші орынды иеленді.

Алтын медальді Қытай өкілі Шии Люй (24:15.27) жеңіп алды. Күміс жүлдені үндістандық Ранжана Ядав иеленсе (24:25.88), ал қола Оңтүстік Корея спортшысы Чон Чхэенге (25:26.93) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или